26 жастағы Серік Теміржанов 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының күміс медалін еншілеген.
Бокстан Қазақстан чемпионатының финалында Серік Теміржанов пен Талғат Сырымбетов кездесті. Нәтижесінде Талғат Сырымбетов 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағандыда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының 60 кг дейінгі салмақтағы финалда Серік Теміржанов (Павлодар облысы) пен Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы) шеберлік байқасты. Нәтижесінде Талғат Сырымбетов 3:1 есебімен жеңіске жетті.
26 жастағы Серік Теміржанов 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының күміс медалін еншілеген.
Сондай-ақ 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
23 жастағы Талғат Сырымбетов 2018 жылы өткен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатын жеңіп алған. Ал 2020 жылы өткен ересектер арасындағы ел біріншілігінде қола жүлдені еншіледі. Айта кетейік, бүгінгі финалдық жекпе-жектерде жалпы саны 25 алтын сарапқа салынады.