25.12.2024, 19:00

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында алтын алды

Фото: ҰОК

Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келі көтерді.

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Дохада (Қатар) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алексей Чуркин жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келі көтерді.

Екінші орынды ирандық Илия Салехипур 356 (161+195) келі көтеріп еншіледі. Қола жүлдені де ирандық ауыр атлет иеленді. Аббаспур Алиреза 355 (159+196) келімен үштікті түйіндеді. 

Айта кетейік, жақында ғана Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Алексей Чуркин күміс жүлдеге ие болған еді.