$ 521.81  543.67  5.05

«Жаңа басшылықтың өз жоспары»: Черчесов ұлттық құрамадан кету туралы қауесеттерге жауап берді

Мені енді ештеңе таңғалдырмайды.

Фото: tass.ru
Фото: tass.ru

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов өз қызметінен кететіні туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sкifnews.kz ақпарат порталы nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында БАҚ-та футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуіне қатысты түрлі ақпараттар тараған болатын. Осыған байланысты ҚФФ бас бапкер Станислав Черчесовке қатысты ресми мәлімдеме жасады. Станислав Черчесов ұжымымен бірге Қазақстан құрамасымен жұмысты жалғастырып жатқанын айтты. Черчесов келесі оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылармен байланыста екенін атап өтті.

"Мені енді ештеңе таңғалдырмайды. Біріншіден, мен әрқашан фактілерге сүйенемін, ал ойдан шығарылған нәрсеге сенбеймін. Екіншіден, мұндай ақпаратты жоққа шығару немесе растау Қазақстан футбол федерациясының құзырында. Сейсенбі күні ҚФФ ресми мәлімдеме жасап, құраманың бас бапкері Станислав Черчесов екенін нақтылады. Сондықтан мен қазір бүкіл назарымды 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындыққа аударып отырмын. Бұл тұрғыда міндетті бағдарлама бар, оны құрамалар департаментімен бірге орындаудамын", - деді Станислав Черчесов.

Сонымен қатар, Черчесов ҚФФ-ның жаңа басшысы Марат Омаровпен әлі кездеспегенін айтты.

"Жаңа басшылықтың өз жоспары болуы мүмкін екенін түсінемін. Бірақ кездесу маңызды – себебі іріктеуге дайындық бағдарламасынан бөлек талқылауды қажет ететін мәселелер бар. Футболда уақыт тез өтеді", - деді бапкер. Айта кетейік, Станислав Черчесов биыл 3 маусымда ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҚФФ #бапкер