Мақсат Аршабайұлы – грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Белгілі балуан Мақсат Ережепов Қостанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы өңірдегі Күрес федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мақсат Аршабайұлы – грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азияның бірнеше дүркін чемпионы, әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері және Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы.
Ал Қостанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Атқарушы директоры қызметін Талғат Бағитжанұлы Жиентаев атқарады. Ол – ел тарихындағы ең атақты спортшылардың бірі.