Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы екінші үздік нәтиже.
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов бірден 10 сатыға жоғарылап, рейтингіде 4-ші орыннан көрінді.
Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы екінші үздік нәтиже. 2018 жылы Тимофей Скатов ITF Juniors Ranking рейтингісінде көш бастаған еді.
Енді Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы осы айда жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында ел намысын қорғайды.