$ 529.7  545.96  5.17

Қысқы Универсиада: Ел қоржынына алғашқы алтын түсті

Фристайл-могулдан отандасымыз Анастасия Городко қарсылас шақ келтірмеді.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Фристайл-могулдан отандасымыз Анастасия Городко қарсылас шақ келтірмеді. 

Финалға бірінші орынмен шыққан А.Городко ең жоғары ұпаймен (79,79) жеңіс тұғырына көтерілді.

Жапониялық Харука Накао 76,29 балмен күміс жүлдеге ие болды.

Германиялық Ханна Вессе (75,04 балл) үздік үштікті түйіндеді.

Тағы бір қазақстандық, қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында ту ұстап шыққан Аяулым Әмренова 70,52 балмен бесінші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары