15.01.2025, 00:30

«Балаларға көңіл бөлінеді»: Еліміздегі футбол клубтарын қаржыландыру қайта қаралады

Фото: Pixabay

Жаңа заңнама аясында лимиттерге өзгерістер енгізіледі.

Туризм және спорт министрлігінің басшысы министрлер кабинетінде өткен брифингте елдегі футбол клубтарын қаржыландыру тетіктерін қайта қарау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.  

Ербол Мырзабосыновтан қазақстандық футбол клубтарын қаржыландыру лимиті өзгере ме деген сұрақ қойылды.

"Мәселені қадағалап жатырмыз. Футбол федерациясының басшылығы ауысқанын білесіздер. Енді оларға (бұл мәселені – ред.ескертпесі) талдау тапсырылды. Жаңа заңнама аясында лимиттерге өзгерістер енгізіледі. Бірақ бұл барлық клуб үшін бірдей шектеу болады. Десе де біз балалар спортына – балалар футболына көңіл бөлеміз", - деп жауап берді

Туризм және спорт министрі. Журналистер қазіргі шек 1,2 триллион теңге екенін еске салып, әңгіменің қандай сома туралы болып жатқанын сұрады. Алайда бұл сұраққа Ербол Мырзабосынов жауап бермеді. Ол лимитті асырғаны үшін жауапкершілік бар екенін айтты.

"Әрине, заң шықса, олар да жауапқа тартылады (лимитті асырғаны үшін футбол клубтарының басшылары жауап береді – ред.ескертпесі)", - деп түсіндірді Туризм және спорт министрлігінің басшысы.