$ 529.65  544.64  5.16

Australian Open: Елена Рыбакина 17 жастағы теннисшіні ойсырата жеңді

Енді Рыбакина енді төртінші айналымға өту үшін әлемнің 33-ракеткасы, 24 жастағы украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 191-орындағы америкалық жас теннисші Ива Йовичпен өткізді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Рыбакина алғашқы сетте өз үстемдігін толық көрсетті – 6:0. Екінші сетте Йович біршама қарсылық танытып, есепті 1:1 теңестірді, тіпті брейк жасап, 2:1 алға шықты. Алайда, Елена тез арада тепе-теңдікті орнатып, 3:3 болып, кейін алға шықты – 5:3. Соңында матчты 6:3 есебімен жеңіп, кездесуді 1 сағат 20 минутта аяқтады.

Бұл бәсекеде Рыбакина 4 эйс және 11 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды. Ал Йович тек 1 брейкпен ғана көзге түсті.

Рыбакина енді төртінші айналымға өту үшін әлемнің 33-ракеткасы, 24 жастағы украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі. Ястремская алдыңғы кездесуінде черногориялық Данка Ковиничті 6:0, 6:1 есебімен жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары