Енді Рыбакина енді төртінші айналымға өту үшін әлемнің 33-ракеткасы, 24 жастағы украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 191-орындағы америкалық жас теннисші Ива Йовичпен өткізді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Рыбакина алғашқы сетте өз үстемдігін толық көрсетті – 6:0. Екінші сетте Йович біршама қарсылық танытып, есепті 1:1 теңестірді, тіпті брейк жасап, 2:1 алға шықты. Алайда, Елена тез арада тепе-теңдікті орнатып, 3:3 болып, кейін алға шықты – 5:3. Соңында матчты 6:3 есебімен жеңіп, кездесуді 1 сағат 20 минутта аяқтады.
Бұл бәсекеде Рыбакина 4 эйс және 11 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды. Ал Йович тек 1 брейкпен ғана көзге түсті.
Рыбакина енді төртінші айналымға өту үшін әлемнің 33-ракеткасы, 24 жастағы украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі. Ястремская алдыңғы кездесуінде черногориялық Данка Ковиничті 6:0, 6:1 есебімен жеңді.