19.01.2025, 18:30

Қазақстандық құтқарушы Қытайда ММА чемпионы атанды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Спортшылар арасындағы бәсекелестік жоғары болды. 

18 қаңтар Люйлянда (Қытай) жергілікті JCK Kings 007 лигасының ММА жекпе-жек турнирі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аталған іс-шарада бұрын-соңды жеңіліс таппаған қазақстандық Көшен Ақанов (5-0) Kubulan Tursynbek-пен (15-12) жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек бойынша хабарламаны 27 жастағы Ақанов аз уақыт ішінде қабылдады. Бастапқыда ол 17 қаңтарда Кувейтте өтетін жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда жекпе-жек қарсыласының жарақат алуына байланысты тоқтатылды.

Спортшылар арасындағы бәсекелестік жоғары болды. Алайда бұл турнирде елордалық құтқарушы Көшен Ақанов қарсыласынан мықты болып, чемпион атағына ие болды.