20.01.2025, 14:00

Алан Құрманғалиев Тунистегі турнирде топ жарды

Фото: Olympic.kz

Ол 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста ел намысын қорғады.

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунистегі WTT Youth Contender Tunis халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста ел намысын қорғады.

Нәтижесінде Алан Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.