Бұл турнир спортшылар үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болды.
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Гүлдана Бекеш пен Эльмира Сыздықова Францияның Ницца қаласында өткен Анри Деглан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталмыш жарыста Бекеш 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді. Бұл турнир спортшылар үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болды.