Мәміле құны – 4,3 млн еуро болған. Сарапшылар мұны қазақ футболындағы рекордты көрсеткіш деп атап отыр.
Қазақстанның «Қайрат» футбол клубының 16 жасар шабуылшысы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубына ауысады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Иван Карповқа сілтеме жасап, «Спорт Шредингера» телеграм-арнасы хабарлаған.
Бұл ақпаратқа сүйенсек, мәміле құны – 4,3 млн еуро болған. Сарапшылар мұны қазақ футболындағы рекордты көрсеткіш деп атап отыр.
Лондон футбол клубы Сәтпаевпен 5 жылға келісімшартқа қол қояды. Ол 2026 жылдың тамыз айында – ойыншы 18-ге толған кезде күшіне енбек.
Сәтпаев үшін «РБ Зальцбург», «Байер», «Бенфика» және «Реал Сосьедад» секілді Еуропаның азулы клубтары таласқа түскен. Десе де, «Челси» жас талантты сатып алуда табандылық көрсеткен.
Айта кететін жайт, «Қайрат» ойыншысы Нұрәлі Әліп «Зенитке» 2 млн еуроға сатылған еді. «Астана» клубы Патрика Твумасиді «Алавеске» 3 млн еуроға сатылған болатын.