Metaratings.ru дерегінше, ҚФФ жаңа бапкер тағайындау үшін бірнеше кандидаттарды қарастыруда.
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметтен кету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Metaratings.ru дерегінше, ҚФФ жаңа бапкер тағайындау үшін бірнеше кандидаттарды қарастырып, олардың арасында басқа шетелдік мамандар да бар екені айтылады. Сондай-ақ, Черчесовтың отставкасына әсер ететін қосымша фактор ретінде ұйым ішіндегі өзгерістер де қарастырылуы мүмкін.
Еске салсақ, желтоқсан айында ҚФФ-ның жаңа президенті болып Марат Омаров сайланған еді.
Станислав Черчесовтың басшылығымен Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында алты ойын өткізді, олардың біреуінде тең ойын нәтижесі шықса, бес рет жеңіліп, бірде-бір гол соға алмады.