27.01.2025, 15:20

Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов ақыры қызметінен кетті

Фото: qazaqstan.tv

Бұл туралы ҚФФ ресми мәлімдеді.

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат портлалы. 

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті. 

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.