30.01.2025, 11:20

«Қайрат» футболшыларының босниялық командамен кездесуі төбелеске ұласты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/kzsports

Оған қосалқы құрамдағылар, жаттықтырушылар штабы да қосылды. 

Алматылық "Қайрат" футбол командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында босниялық "Борак" командасымен ойнады. Ойын тең есеппен аяқталды, матчтан кейін алаңдағы ойыншылар арасында күтпеген жерден жанжал туды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алматылық "Қайрат" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. Алматылық команданың қарсыласы Босния және Герцеговинаның қазіргі чемпионы, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне қатысушы Баня-Лука қаласының "Борак" клубы болды.

Кездесуде гол соғылмай, ойын тең аяқталды. 90-минутта қазақстандық команда қақпашысы Темірлан Анарбеков пенальтиді кері қайтарды. Финалдық ысқырықтан кейін кенет алаңда екі команданың ойыншылары ерегесіп қалды. Оған қосалқы құрамдағылар, жаттықтырушылар штабы да қосылды.