30.01.2025, 17:40

Шавкат Рахмонов шетелден шақырту алды

Фото: news.sportbox.ru

Дағыстандық Нассурдин Имавов отандасымызды Францияға шақырды.

Орта салмақта UFC-де бесінші орында тұрған, Францияда тұратын дағыстандық Нассурдин Имавов қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жаттығуының қалай болғанын еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біз бірге ұзақ жаттығу жасадық. Бұл керемет кездер еді. Францияда көруге қуанышты болатынымды айттым. Ол да өзінің залына қатысты солай атты. Мықты спортшы, жақсы жұмыс істедік және керемет тәжірибе жинадым», — деді Имавов француз БАҚ-тарына берген сұхбатында.

1 ақпан күні Нассурдин Имавов Эр-Риядта UFC Fight Night турнирінде жаңазеландиялық Исраэль Адесаньямен жекпе-жекке шығады.