Екінші орын алған жапониялық спортшының тыйым салынған материалдарды қолданғаны анықталды.
Азиада-2025 ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс медаль түсті. Бұған дейін қола медаль иеленген Константин Борцов жүлдесінің дәрежесі көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шаңғы жарыстарының ресми нәтижелеріне өзгерістер енгізілді. Бұған жапониялық спортшының дисквалификациясы себеп болды. Тексеру нәтижесінде оның тыйым салынған материалдарды қолданғаны анықталған.
«Осылайша, Константин Борцов Азиада-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды! Бұл – Қазақстан құрамасының осы жарыстағы үшінші медалі», – делінген дирекция хабарламасында.