Жапония құрамасы күміс жүлдеге ие болса, турнир қожайындары - Қытай құрамасы үщдік үштікті түйіндеді.
Қазақстандық шорт-трекшілер Харбиндегі қысқы Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ІХ қысқы Азия ойындарында шорт-тректен (5000м) Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы алтынды қоржынға салды. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Жапония құрамасы күміс жүлдеге ие болса, турнир қожайындары - Қытай құрамасы үщдік үштікті түйіндеді.
Бұл Қазақстан шорт-трегі тарихындағы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль екенін айта кетейік. Бұған дейін спортшыларымыз тек күміс, қола жеңген болатын.