$ 502.47  525.83  5.68

Қазақ боксшылары халықаралық турнирде 8 алтын медаль жеңіп алды

71 келіде өнер көрсеткен Нұрбек Мұрсал турнирдің ең үздік боксшысы деген атақты қоса жеңіп алды.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Сербияда бокстан халықаралық «Belgrade Winner» турнирі аяқталды. Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыстан 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, 62-ші рет ұйымдастырылған халықаралық турнир 4-9 ақпан аралығында өтті. Қазақстан құрамасынан 15 боксшы қатысып, олардың тек екеуі ғана жартылай финалға жетпей, жарысты жеңіліспен аяқтады.

I орын

  • Нұрғиса Тұрабеков (48 келі)
  • Рамазан Нұрлыбаев (51 келі)
  • Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі)
  • Жансері Көшербаев (60 келі)
  • Нұрбек Мұрсал (71 келі)
  • Санжарәлі Бегалиев (75 келі)
  • Дәурен Мамыр (86 келі)
  • Нұрасыл Асылхан (+92 келі)

II орын

  • Бексұлтан Боранбек (54 келі)
  • Илья Калинин (67 келі)
  • Бақберген Әлиасқаров (75 келі)
  • Ильяр Аширов (80 келі)

III орын

  • Бекзат Мақжан (63.5 келі)

71 келіде өнер көрсеткен Нұрбек Мұрсал турнирдің ең үздік боксшысы деген атақты қоса жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары