Биыл 62-рет өтіп отырған халықаралық турнир 4-9 ақпан аралығында өтті.
Сербия астанасында бокстан халықаралық «Belgrade winner» турнирі мәресіне жетті. Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыстан 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Биыл 62-рет өтіп отырған халықаралық турнир 4-9 ақпан аралығында өтті. Қазақстан құрамасынан аталған жарысқа барлығы 15 боксшы қатысып, олардың тек екеуі ғана жартылай финалға жетпей жеңілді.
I орын
Нұрғиса Тұрабеков (48 келі) Рамазан Нұрлыбаев (51 келі) Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі) Жансері Көшербаев (60 келі) Нұрбек Мұрсал (71 келі) Санжарәлі Бегалиев (75 келі) Дәурен Мамыр (86 келі) Нұрасыл Асылхан (+92 келі)II орын
Бексұлтан Боранбек (54 келі) Илья Калинин (67 келі) Бақберген Әлиасқаров (75 келі) Ильяр Аширов (80 келі)III орын
Бекзат Мақжан (63.5 келі)71 келіде өнер көрсеткен Нұрбек Мұрсал турнирдің ең үздік боксшысы деген атақты қоса жеңіп алды.