11.02.2025, 11:00

Сүйінші! Азиадада Қазақтан құрамасы тарихи алтынға қол жеткізді

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бұл еліміздегі қысқы спорт түрлерінің қарқынды дамып жатқанын көрсетеді.  

Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.  Бұл қазақстандық спортшылардың фристайл-акробатикадан бүгінгі екінші жүлдесі.

Бұған дейін Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде қола медаль иеленген болатын.