Ақнәр Адаққызының бұл сөзі жанкүйерлердің жүрегінен орын тауып, әлеуметтік желіде кеңінен тарады
Харбиндегі Азия ойындарында жеңімпаз атанған этникалық қазақ қызы Ақнәр Адаққызы қазақ халқына және тарихи Отанына шынайы ризашылығын жеткізді. Спортшы бейнежазба арқылы өзіне көрсетілген қолдау мен жылы лебіздер үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мен мұзда тез сырғанау құрамасының спортшысы Ақнәр Адаққызы боламын. Осы бірнеше күнде менің жарысымды көріп, қолдап, қуаттап, мақтап жатқандарыңызды көріп жатырмын. Атамекеніме, халқыма алғыс айтамын», — деп ізгі тілегін жеткізді.
Ақнәр Адаққызының бұл сөзі жанкүйерлердің жүрегінен орын тауып, әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
1999 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесі, Хутуби ауданы, Шитизи қазақ автономиялы елді мекенінде дүниеге келген Ақнәр спортқа ерте жастан қызығып, конькимен жүгіру спортында үлкен жетістіктерге жетті. Харбиндегі Азия ойындарында жеңімпаз атанып, Қытай құрамасының сапында алтын медаль иеленді.