Отандастарымыз 1:12:54,7 уақыт көрсеткішімен қола жүлдеге ие болды.
Қазақстан ерлер құрамасы шаңғы жарысынан Азия ойындарының тағы бір жүлдесін жеңіп алды. 4х7,5 шақырымдық эстафедата команда құрамында Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отандастарымыз 1:12:54,7 уақыт көрсеткішімен қола жүлдеге ие болды. Қытай құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде жапониялықтарға бұйырды.
Ал, Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында алғаш рет жеңіліс тапты. Командамыз финалдық кезеңді Жапонияға қарсы матчпен бастап, 0:4 есебімен жеңіліс тапты. Келесі матч Қытайға қарсы 13 ақпанда сағат 11:00-де басталады. Төрт команда бір-бірімен айналмалы жүйеде ойнайды және медальдар топтағы орынға қарай бөлінеді.
Бұған дейін алдын ала кезеңде төрт рет қатарынан жеңіске жеткен Қазақстан әйелдер құрамасы "В" тобында 11 ұпай жинады. Бірде-бір кездесуде жеңілмей, "А" тобына бірінші орынмен шықты. Ол ойындарда Александра Тебенкованың шәкірттері Гонконг (12:0), Таиланд (9:0), Қытайлық Тайпей (5:1) және Оңтүстік Кореяны (қосымша уақытта 1:0) ұтқан болатын.