Олардың жекпе-жегі 10 мамырда Канаданың Монреаль қаласында өтетін UFC 315 кешіне жопарланып отыр.
Қазақстандық UFC шебері Шавхат Рахмонов (19-0) пен дивизион чемпионы америкалық Белал Мухаммад арасында өтетін титулдық жекпе-жектің жай-жапсары белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ulyssport.kz-ке сілтеме жасап.
CBS News және Yahoo Sports журналисі Рубен Картердің ақпаратына сүйенсек, жеңіліп көрмеген қазақ спортшысы мен жартылай орта салмақтың көшбасшысы Белалдың жекпе-жегі 10 мамырда Канаданың Монреаль қаласында өтетін UFC 315 кезекті кешіне жопарланып отыр.
Бұған дейін Мухаммадтың өзі "Номадпен" күш сынасуға қолайлы уақыт деп мамыр-маусым айларын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммадтің төбелесі былтыр желтоқсанда өтуі керек еді. Бірақ америкалық спортшы денсаулығына байланысты октагонға шыға алмаған. Оның орнына Рахмонов чемпиондық атаққа басты үміткер ирландиялық Иэном Гэрримен күш сынасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен.