62 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Қыздар арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 жарысында келесі айналымға өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлемнің жетінші ракеткасы екінші айналымда жапониялық Моюка Учижимаға қарсы кездесу өткізді. WTA рейтингінде 62-орында тұрған Учижима Еленаға еш қарсылық көрсете алмады. 62 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл қазақстандық спортшының 2025 жылғы 11-жеңісі. Келесі айналымда Рыбакина Пауло Бадосаға қарсы ойнайды. Қазір испандық теннисші рейтингте 10-орында келеді.
Айта кетейік, Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жарыстың жалпы жүлде қоры 3,6 миллион долларды құрайды.