$ 502.47  525.83  5.68

Самат Смақовтың ұлы түркиялық «Бешикташ» футбол клубында ойнамақ

Алдағы уақытта қазақстандық жас футболшы стамбулдық клубтың сапында ресми матчтарға қатыса алады.

Фото: коллаж kff.kz
Фото: коллаж kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Самат Смақовтың ұлы Аламгир түркиялық “Бешикташ” футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

16 жастағы Аламгир Смақов Стамбулдың “Бешикташ” футбол клубының жастар командасында бір жылдан бері жаттығады. Алайда, келісімшарт болмағандықтан, футболшы ресми ойындарға қатыса алмады.

Ақпан айының басында Аламгир “Бешикташ” футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Алдағы уақытта қазақстандық жас футболшы стамбулдық клубтың сапында ресми матчтарға қатыса алады.

Айта кетейік, “Бешикташ” футбол клубының негізгі командасында тағы бір қазақстандық футболшы, ұлттық құраманың ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары