20.02.2025, 12:00

Ресми: Шавкат Рахмонов Белалмен мамыр айында кездеспейтін болды

Фото: sportnews.kz

Оның себебін отандасымыз түсіндіріп берді.

Палестиналық файтер келесі жекпе-жегін 10 мамыр күні Делла Маддаленаға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты бұл жекпе-жектен бас тартыпты.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммедпен чемпиондық атақ үшін 10 мамырда күш сынасуы керек еді. Алайда отандасымыздың орнына австралиялық Джек Делла Маддалена шығатын болды.

Белал Мухаммад 10 мамырда Монреальда чемпиондық белбеуін қорғайды. Осыған дейін Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекке басты үміткер атанған болатын. Бірақ кейінірек жекпе-жекке Маддалена шығатыны белгілі болды.

Оның себебін отандасымыз түсіндіріп берді.

«Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекті бірінші болып маған ұсынған UFC-ге алғысым шексіз. Өкінішке қарай, жарақатыма байланысты мамыр айында жекпе-жекке дайындалып үлгермеймін», - деді Рахмонов.