$ 502.47  525.83  5.68

Конькимен жүгіруден әлем кубогі: Әйелдер құрамасы үшінші орын алды

Бірінші орынды Польша құрамасы жеңіп алды. Күміс медаль Канада спортшыларына бұйырды.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогінің жалпы есебінде үшінші орын алды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде біздің спортшылар командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті.

Аталған дисциплинада өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина жалпы есепте үшінші орынға ие болды.

Бірінші орынды Польша құрамасы жеңіп алды. Күміс медаль Канада спортшыларына бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Польшада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары