Халықаралық турнир 24 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтеді.
Болгарияда өтетін «Странджа» турнирінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Халықаралық турнир 24 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтеді.
Көпшілік «Странджа» турнирін «кіші әлем чемпионаты» деп атайды. Аталған жарысқа биыл Алжир, Қытай Тайпейі, Хорватия, Ұлыбритания, Уэльс, Франция, Өзбекстан, Грекия, Мажарстан, Моңғолия, Косово, Словакия, Түркия және Болгария қатысады деп күтілуде.
48 келі. Санжар Тәшкенбай - Руни Луис (Ирландия), Теміртас Жүсіпов - Субхан Мамедов (Әзербайжан)
51 келі. Даниял Сабит - Давит Джапаридзе (Грузия), Бекзат Алдамжаров - Ники Каммингс (Франция)
54 келі. Тимур Кабдешов - Синь Мин Ма (Қытай), Махмуд Сабырхан - Башким Баджоку (Косово)
57 келі. Оразбек Асылқұлов — Оуайн Харрис-Аллен (Уэльс), Дәулет Молдашев - Залимхан Сулейманов (Әзербайжан)
60 келі. Талгат Сырымбетов - Тинко Банабаков (Болгария) / Юнбадари У (Китай), Серік Теміржанов - Абдумалик Халоков (Өзбекстан)
63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов - Владислав Лисовый (Болгария), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Саба Ткебучава (Грузия)
67 келі. Төрехан Сабырхан - Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан), Санатәли Төлтаев - Эмирджан Мехмет (Болгария)
71 келі. Абылайхан Жүсіпов - Алексей Ширяев (Украина), Фарух Тоқтасынов - Патрик Хьюитт (Англия)
75 келі. Сабыржан Аққалықов - Ремо Сальвати (Италия), Тимур Нұрсейітов - Расим Чобанли (Әзербайжан)
80 келі. Азамат Бектас - Лаки Аймуфуа (Австрия), Ерасыл Жакпеков - Икбал Умаис (Пәкістан)
86 келі. Нұрбек Оралбай - Мануэль Жечев (Болгария), Бекзад Нұрдәулетов - Акмалжон Исроилов (Өзбекстан).
92 келі. Данияр Рахимбердинов - Вагкан Нанитзанян (Грекия)
92 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай - Чжэньвей Ван (Қытай), Айбек Оралбай - Вахаб Тахир Абдул (Пәкістан).
Халықаралық турнирге қазақстандық боксшылар 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында отандық боксшылар 12 алтын, 16 күміс, 28 қола медаль жеңіп алған.