$ 501.49  525.71  5.77

Ризабек Айтмұқан америкалық балуаннан ойсырай жеңілді (ВИДЕО)

Балуандар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресті.

Фото: Vesti.kz
Фото: Vesti.kz

Бүгін Алатау етегінде әлемнің ең әйгілі балуандарының басын қосқан PWL турнирінде еркін күрестен әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан америкалық Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен белдесіп, ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Балуандар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресті. 6 минуттық белдесуде Снайдер 8:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Снайдер бұл күні екі белдесу өткізді. Ризабектен бөлек ол ресейлік Константин Пшеничниковты да жеңді. 

Кайл Снайдер – Рио олимпиадасың чемпионы, Токио олимпиадасың күміс жүлдегері, сондай-ақ әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы. Даңқты балуан Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалған.

Ал Ризабек Айтмұқан еркін күрестен 2024 жылғы әлем чемпионы. Тәуелсіздік алғалы ел тарихында оған дейін мұндай биікті ешкім бағындырмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары