Алтын медаль үшін өткен күресте Қазақстанның спортшысы грузин балуанын жеңіп, чемпион атанды.
Үндістанда өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында Мейіржан Берекетов жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыс Үндістан астанасы Делиде 26-27 ақпан күндері өтуде. Алғашқы күні 60 келі салмақта белдескен Мейіржан Берекетов қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты. Алтын медаль үшін өткен күресте Қазақстанның спортшысы грузин балуанын жеңіп, чемпион атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Мейіржан Берекетов Астанада өткен V Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында да чемпион атанған болатын. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Мейіржан Берекетов Қазақстан қоржынына әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медальді салды.
Делиде өткен әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан Нұр Аманшүкіров 66 келі салмақ дәрежесінде күресіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Финалдық белдесуде ол Грузия спортшысын жеңіп, алтын жүлдені иеленді.
Жұмажан Қожамбеков те қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды. Үндістанда өткен әлем чемпионатында 74 келі салмақта күрескен отандасымыз финалда тәжік балуанын ұтып, жеңіс тұғырынан көрінді.