03.03.2025, 06:30

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин әлем кубогында алтын жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК

Кошкин 500 метр қашықтықта ең үздік нәтижені көрсетті – 34,46 секунд.

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кошкин 500 метр қашықтықта ең үздік нәтижені көрсетті – 34,46 секунд.

Күміс жүлдені канадалық Лоран Дюбрел (34,51), ал қоланы Нидерланд өкілі Эннинг Де Бу (34,52) иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Евгений Кошкин дәл осы кезеңде үшінші орын алған болатын.