Енді Ақмарал Науатбек алдағы 4 жылда есімі алтын түстес жазумен жазылған кимоно киіп күреседі.
Пара дзюдодан Париж-2024 XVII жазғы паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбекке ерекше спорттық мәртебе берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жаңа кимоносының суретін көрсетті.
Енді Ақмарал Науатбек алдағы 4 жылда есімі алтын түстес жазумен жазылған кимоно киіп күреседі.
Айта кетейік, пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж паралимпиадасынан алтын медаль алып, пара дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш паралимпиада чемпионы атанған.