$ 503.15  543.3  5.93

Теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен жарыста жеңімпаз атанды

Финалдық бәсекеде Рыбакина – Фриц жұбы Мэдисон Киз бен Томми Полды ұтты.

Фото: gotennis
Фото: gotennis

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Тейлор Фрицпен жұптасып, АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен көрме турнирі – Eisenhower Cup жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Финалдық бәсекеде Рыбакина – Фриц жұбы Мэдисон Киз бен Томми Полды ұтты. Ойын 10:4 есебімен аяқталды.

Бұл жарыста Рыбакина мен Фриц Даниил Медведев пен Аманда Анисимова дуэтін, сондай-ақ Эмма Наварро мен Бен Шелтонды ұтты. Барлық матчтар 10 ұпайға дейінгі тай-брейк форматында өтті.

Турнирдің жүлде қоры 200 мың долларды құрады. Алайда бұл қаражат жеңімпаздардың шешімімен қайырымдылыққа жұмсалады.

Айта кетейік, бұл бәсеке спортшылар үшін Индиан-Уэллсте өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге дайындық есебінде болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары