$ 503.15  543.3  5.93

Ресейлік спортшы Қуат Хамитовты «нокаутқа» түсірді

Қуат, не болды?

 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

UFC-дегі ресейлік спортшы Петр Ян қазақстандық файтер Қуат Хамитовпен өткен жаттығудан видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрдан Янның Хамитовтің бүйірінен ұрып, сонан соң қазақстандық спортшының отырып қалғанын көруге болады.

«Қуат, не болды?» — деп жазды Ян.

Петр Ян UFC-де соңғы рет 2024 жылғы қарашада өнер көрсетіп, бразилиялық Дейвисон Фигейредті (24-4-1) төрешілердің ортақ шешімімен жеңді. Ал Қуат Хамитов (26-8-2) өзінің ММА-дегі соңғы айқасын 2024 жылғы мамырда өткізді. Сол кезде ол ресейлік файтер Александр Шлеменкодан (67-15-1) ұтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары