2025 жылы Рыбакина 19 матч өткізіп, 14 мәрте жеңіп, 5 рет жеңілді.
Қазақстанның үздік теннисшісі маусымның алғашқы екі айында 1 010 313 доллар (501 млн теңге) сыйақы жеңіп алды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Спорт Шредингера" телеграм каналының мәліметінше, 2025 жылы Рыбакина 19 матч өткізіп, 14 мәрте жеңіп, 5 рет жеңілді. Абу-Дабиде өз атағын қорғаған турнирде, жартылай финалға дейін жетіп, Мирра Андрееваға жол берді.
2025 жылғы ең көп сыйақы алған 6 теннисші:
Мэдисон Киз (№5) – 2 379 924 доллар Ига Швентек (№2) – 1 560 061 доллар Арина Соболенко (№1) – 1 456 805 доллар Кори Гауфф (№3) – 1 373 731 доллар Мирра Андреева (№11) – 1 098 920 доллар Елена Рыбакина (№7) – 1 010 313 долларЕлена Рыбакина мансабында жалпы 16 745 303 доллар сыйақы тапқан.