$ 505.15  550.31  5.89

Қазақстың үш қызы бокстан әлем чемпионатының алтынына таласады

Отандастарымыз чемпионатта сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы қыздар Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Виктория Графеева әлем чемпионатының финалына шықты. 60 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда отандасымыз серб қызы Наталья Шадринамен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Виктория Графеева қарсыласына мықтылығын мойындатып шықты. Төрешілер есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды.

Н. Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда КХДР спортшысы Хон Кён Рёнды айқын жеңіп шықты. Осылайша ол әлем чемпионатының финалына үшінші рет шықты.  

50 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова да КХДР елінің боксшысын жеңіп шықты. Шайқасқа толы өткен жекпе жекте отандасымыз қарсыласының әлсіз тұсын таба білді. Шабуылда ширақ, қорғаныста мығым жұдырықтасты. Ан Кум Бёлдың әр шабуылына ұтымды тойтарыс бере білді. Нәтижесінде 5-0 есебімен жеңіске жетті. Алуа мансабында екінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары