Қазақтың намысын қорғаймын! Жеңісті күнде жүздескенше!
Странджа турнирінің чемптоны, қазақ боксының жас әрі жарық жұлдызы Төрехан Сабырхан маңызды жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Бір маңызды жаңалықпен бөлісейін деп ем. Мен бұдан былай Атырау облысының намысын қорғаймын! Маған мұндай мүмкіндік берген Атырау облысы Бокс федерациясының басшысы Бауыржан Каримовке алғыс айтқым келеді. Барлықтарыңыз білесіздер, осыған дейін мен Түркістан облысының намысын қорғап, осы күнге дейінгі қол жеткізген жеңістерімді осы өңірдің боксшысы ретінде тіркедім. Ол үшін киелі Түркістан облысы федерация өкілдеріне рақмет айтамын.
Құрметті жанкүйер, мен алда ел ішінде Атырау намысын қорғағаныммен, сыртта бүкіл елдің, Қазақтың намысын қорғаймын! Жеңісті күнде жүздескенше!", - деді ол.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан Париж олимпиадасының қатысушысы Махмұд Себырханның туған інісі.