$ 505.15  550.31  5.89

Сенсация: Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Жартылай финалда қазақстандық теннисші португалиялық Нуно Боржешті (ATP №36) 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Фото: 2024 Getty Images
Фото: 2024 Getty Images

Финалға шыққан Александр 22 650 доллар сыйақыдан бөлек 90 рейтингтік ұпайға ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дүйсенбі күні ол ATP рейтингінде кемінде үш сатыға жоғары көтеріледі.

Финалда Александр Бублик бразилиялық теннисші Жоао Фонсекамен (ATP №80) кездеседі.

Матч Қазақстан уақыты бойынша 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні 02:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары