$ 503.15  543.3  5.93

Алуа Балқыбекова тұңғыш рет бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті

Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Алуа Балқыбекова (50 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық финалда қытайлық Ху Мэиймен кездесті. Жақсы қорғана білген Алуа, шабуылда да дәлдігімен көзге түсті. Нәтижесінде 5:0 есебімен басым түсті.

Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды.

Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай жеңіске жеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары