$ 503.42  542.08  6

Гимнастикадан әлем кубогында Нариман Құрбанов алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасына қос бірдей медаль түсті.

Фото: olympics.com
Фото: olympics.com

Түркияның Анталия қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңі қазақстандықтар үшін олжалы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов ат спорты жаттығуында алдына жан салмады. Ол 14,634 ұпай жинады.

Бұл Нариманның Парижден кейінгі алғашқы жарысы еді.

Тағы бір қазақстандық Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.

Иорданиялық Ахмад Абу Аль Сауд (14,200) үздік үштікті түйіндеді.

Әлем кубогы кезеңі 23 наурыз күні мәресіне жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары