$ 503.42  542.08  6

«Семей» клубы футзалдан Қазақстан кубогінің иегері атанды

«Семей» 5:1 есебімен жеңіске жетіп, клуб тарихында алғаш рет Қазақстан кубогін иеленді.

Фото: sportburo.kz
Фото: sportburo.kz

«Семей» клубы 2025 жылғы Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды. Финалда семейлік команда алматылық «Қайратпен» кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ойын барысында «Семей» командасының басымдығы байқалды. Кайо Торрес (3, 19-минуттар), Дедезиньо (16-минут), Кандидо (22-минут) және Дәрібай (36-минут) мергендік танытып, командасына бес гол сыйлады. Ал «Қайраттың» жалғыз голын 24-минутта Денер соқты.

Осылайша, «Семей» 5:1 есебімен жеңіске жетіп, клуб тарихында алғаш рет Қазақстан кубогін иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары