Қарағандылық спортшы Махаббат Тұрлыбекова каратэ-додан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды 24.kz.
«Малайзия астанасы Куала-Лумпурде 7-10 тамыз аралығында каратэ-додан Азия чемпионаты өтті. Қазақстанның намысын қарағандылық М.Тұрлыбекова қорғады. Ол жеке өнер көрсетуде қола жүлдеге ие болды», делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, 17 жастағы М.Тұрлыбекова – балалар мен жасөспірімдерге арналған жекпе-жек мектебінің оқушысы болып табылады.