$ 515.18  570.66  6.06

«5-сәуірге дайындалып жатқан жоқпыз»: Жәнібек Әлімханұлының менеджері жоспарлары туралы айтты

Мексикадан бапкер алдырттық, өйткені олардың стилі өзгеше.

Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) Астанадағы жекпе-жегінен кейін Сауль Альвареспен жұдырықтасуға дайындалады. Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Берік Сұлтан Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске салайық, 5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде Жәнібек әлімханұлы француз Ануаэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 KO) жұдырықтасады, деп жазады 1bol.kz.

«Біз тек 5 сәуірге дайындалып жатқан жоқпыз. Одан кейін бізді үлкен жекпе-жектер күтіп тұр. Дэвид Бенавидеске (30-0, 24 KO), Канелоға (Сауль Альварес) қарсы дайындаламыз. Мұндай қарсыластарға дайындықты ертерек бастап кеттік. Мексикадан бапкер алдырттық, өйткені олардың стилі өзгеше. Біз Мексика мен қазақ стилін біріктіріп, агрессивті жаңа стиль ойлап табамыз», - деді Берік Сұлтан.

Айта кетейік, Сауль Альварес те, Дэвид Бенавидес те Жәнібектен жоғары салмақта өнер көрсетеді. Бұған дейін америкалық спорт сарапшылары қазақ боксшысына салмақ көтеруге кеңес берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары