World Boxing аясындағы әлем кубогы Бразиялияда өтіп жатыр.
Бүгін тағы төрт қазақстандық боксшы сынға түседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ел құрамасынан Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) франциялық Билял Биналиді 5:0 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға өтті.
Алдағы қарсыласы - Маниш Ратори (Үндістан). Сондай-ақ ел құрамасынан Диас Молжігітов (75 келі) польшалық Никоден Козактан 5:0 есебімен басым түсті.
Енді ол жартылай финалда өзбекстандық Жавохир Умматалиевпен кездеседі. Ал Жазира Орақбаева (51 келі) бразилиялық Каролина Алмеиданы 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Ел құрамасынан Дархан Дүйсебай (70 келі) франциялық Макан Траориге жол берді. Есеп 1:4.