$ 518.31  567.96  6.03

Қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев Франция чемпионатына ауысуы мүмкін

Трансферлік келісім 4,3 миллион еуроға бағаланды.

Фото: instagram.com/d.satpayev
Фото: instagram.com/d.satpayev

Жақында ғана ағылшындық “Челси” футбол клубына ауысқан “Қайрат” командасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Франция чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы sport24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ProSports Management компаниясының басшысы Герман Ткаченко Sport24 басылымының журналисі Александр Муйжнекке берген сұхбатында 16 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаевтың алматылық "Қайраттан" лондондық "Челсиге" ауысуы туралы айтты.

“Трансферге отбасы қарсы болған жоқ, ойыншының өзі де келісті. Оған АПЛ, Ла Лига, Бундеслига және басқа да жетекші лигалардың клубтары қызығушылық танытты. Бірақ "Челси" бәрінен де табанды болды, олар Сатпаевты қатты қалады. "Қайрат" Дастанды дәл сол клубқа сатуды жөн көрді. Мен үшін қай клубпен келісім жасау маңызды емес, бірақ "Челсимен" кәсіби қарым-қатынасымыз бар”, — деді Ткаченко.

Трансферлік келісім 4,3 миллион еуроға бағаланды. Бұл Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең қымбат трансфер болып табылады. Сатпаев Англияға 18 жасқа толғаннан кейін көшеді.

Сатпаевтың мүддесін қорғайтын Герман Ткаченко футболшының "Страсбурға" жалға берілу мүмкіндігін жоққа шығармады.

"Сатпаевтың болашағына қатысты түрлі сценарийлер бар, біз олардың барлығын қарастырып жатырмыз. Біріншіден, оның "Челсиде" жақсы дамитынына сенімдіміз. Екіншіден, басқа да мүмкіндіктер бар, ең бастысы, қазір нақты бір нәтиже бар. "Страсбурға" жалға берілу ме? Немесе басқа клубқа ауысу? "Челси" ойыншыларын сатып жібере алады, бұл Сәтпаев үшін де карьерасын дамытуға мүмкіндік беретін трамплин бола алады", — деді Ткаченко.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары