03.04.2025, 18:00

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде тағы төмендеді

Фото: smi24.kz

ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. 

Рейтингтің 1-орнында әлі де Аргентина тұр, ал 2-орынға Испания көтеріліп, Францияны 3-орынға ығыстырды. Қазақстан құрамасына келер болсақ, Әли Әлиевтің шәкірттері үш саты төмендеп, 113-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында қазақстандық футболшылар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізді: сырт алаңда Уэльске (1:3) жол беріп, Лихтенштейнді (2:0) жеңді.

2025 жылдың 3 сәуіріндегі ФИФА рейтингісінің үздік 10 құрамасы:

1 (1). Аргентина – 1886.16

2 (3). Испания – 1854.64

3 (2). Франция – 1852.71

4 (4). Англия – 1819.2

5 (5). Бразилия – 1776.03

6 (7). Нидерланды – 1752.44

7 (6). Португалия – 1750.08

8 (8). Бельгия – 1735.75

9 (9). Италия – 1718.31

10 (10). Германия – 1716.98

113 (110). Қазақстан – 1177.66