$ 516.91  586.33  6.3

«Елімізде әлі екі дүркін Олимпиада чемпионы жоқ»: Төрехан Сабырхан арманын айтты (ВИДЕО)

Қазақстанда әлі екі дүркін Олимпиада чемпионы шықпаған.

Бокстан жастар арасында әлем чемпионы, жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы Төрехан Сабырхан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанған алғашқы қазақ болғысы келеді. Мұндай мақсатын ол «Спорт министрі» YouTube-каналына берген сұхбатында айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Біз әлі кәсіпқой боксқа ауысқан жоқпыз. Алда әлі әлем чемпионаты және Олимпиада ойындары бар. Бұйырса 2028 жылы елімізге Олимпиада алтынын сыйлау – басты мақсатымыз. Сондай-ақ, Қазақстанда әлі екі дүркін Олимпиада чемпионы шықпаған. Мен екі дүркін Олимпиада чемпионы болғым келеді. Содан кейін бір-ақ кәсіби боксқа бару ойымда бар. Оның бәрін алдағы уақытта көреміз, әлі жаспын», - деді Төрехан Сабырхан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары