$ 514.94  583.74  6.13

Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогында финалға жолдама алды

Финалдық бәсекелер 12-13 сәуір аралығында өтеді.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Гимнаст Милад Карими Хорватияда өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спорттық гимнастикадан Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими финалға шықты.

Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды. Іріктеу барысында Карими екінші нәтиже көрсетіп, 14,166 ұпай жинады.

Айта кетейік, бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша да финалға өткен болатын. Ал ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов жүлде үшін күреседі.

Финалдық бәсекелер 12-13 сәуір аралығында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары